Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында нәзікжанды аруларға, аналарға деген құрметіміз екі есеге арта түсетіні кәміл. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екіншi қолымен әлемді тербетеді”,-деп бекер айтылмаса керек. Отбасы мен қызметті қатар алып, көпке үлгі болып жүрген әйелдер біздің елімізде де баршылық. Солардың бірі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан Шәкiрова Айнұр Жорабекқызы. Ол 1972 жылы 26 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1979 жылы №144 В.И. Ленин атындағы орта мектепке қабылданып, 1989 жылы бітірген. 1990-1995 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. Одан соң 1995-1999 жылдары қаладағы №50 «Жұлдыз» балабақшасында тәрбиеші, 1999-2005 жылдары №233 орта мектептің орыс сыныптарындағы «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің» мұғалімі болып жұмыс атқарды. Педагогикалық қызметте облыстық, қалалық білім басқармаларының ұйымдастыруымен өткізілген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2005 жылдан бастап Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарады. Бүгінде Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы ретінде жас мамандарға өзінің кәсіби тәжірибесімен, еңбекшілдігімен үлгі көрсетіп келеді. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқарған мерзімдерінде Министрліктің Құрмет Грамотасымен, төсбелгісімен, Департаменттің мақтау грамоталарымен марапатталған. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Тұрлыханов Әлһайдар Бегайдарұлы «Хабар» агенттігінің операторы. Үш баланың анасы. Қызы: Жансая бүгінде тұрмыста, үш баланың анасы, мамандығы есепші. Ұлы: Бағлан «Атамекен» телеканалында қоюшы оператор болып еңбек етуде, отбасылы. Кенжетайы: Әлішер №198 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Айнұр Жорабекқызына көктем мерекелері қарсаңында зор денсаулық, ұзақ өмір, қызметте абырой тілейміз.
Қызылорда облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы