Тұрғын үй секторында ақпараттық үгіт-насихат іс-шарасы "Махамбет ауылдық округінде" жүргізілді!

Тұрғын үй секторында ақпараттық үгіт-насихат іс-шарасы "Махамбет ауылдық округінде" жүргізілді!

2021 жылғы 27 ақпан күні Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған Қызылорда «Фронт-офис» волонтёрлерi мен «Жас Отан Жастар қанаты» мен аймақтық жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» Департамент бастығының 2021 жылғы 19 ақпандағы бұйрығына сәйкес тұрғын үй секторында ақпараттық үгіт-насихат іс-шараларын жүргізді. Негізгі мақсат - тұрмыстық өрттердің алдын алу. Қызметкерлер мен волонтёрлeр тұрғын үйлерді аралау барысында тұрғындарға жадынамалар тарату арқылы тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттарды жеткізді. Ақпараттық үгіт-насихат іс-шараларында 396 тұрғын үй араланды, 1584 тұрғын қамтылды. Атқарылған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты және жоспарлы түрде жалғасын табатын болады.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы