Қауіпсіздік талаптарын  сақтаңыздар!

Қауіпсіздік талаптарын  сақтаңыздар!

Отты және газды – пайдалану барасында  қауіпсіздік талаптарын   сақтау салдарынан келетін қауіп орасан зор. Соның ішінде газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану – адам өмірі үшін аса маңызды. Алайда, көгілдір отынды пайдаланушылардың барлығы дерлік техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. 

  Қазір Жаңақорған кенті толықтай газдандырылған. Ал тұрмыста пайдаланатын газдың қауіпсізідігін қамтамасыз ету тұрғындардың жауапкершілігіне байланысты. 

Сондықтан басты талап - газ жабдықтарын өз бетінше орнатуға болмайды, міндетті түрде газ шаруашылығының маманын шақырту керек. Ал газ жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуіне үй иесінің өзі жауапты екенін естен шығармауымыз керек.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

- Қазақстан Республикасының (09.01.2021 ж.)  «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабы, 5 бөліміне сәйкес, техникалық қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған ұйыммен келісім-шарт жасаңыз;

-улы газды (СО) және метанды (СН4) газдануды автоматты бақылау жүйесін орнатыңыз;

- тұрғын үйлерге алғаш рет табиғи газ жіберілердің алдында тұтынушылар газ құрылғыларын, газ мұржасы мен жылыту пешін, газбен су жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдаланудың нұсқаулықтарымен толық танысуы керек;

- жұмыс істеп тұрған газ құрылғЫспартой орналасқан бөлмеде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- қолдан жасалған газ құрылғысын қолданбаңыз,  тек зауыттан шыққан құрылғыны ғана пайдаланыңыз;

-газ құрылғыларын өздігіңмен жөндеуге, тасымалдауға болмайды;

 Пәтерде газдың иісі шықса:

-барлық газ крандарын жабу;

-бөлмелерді желдету;

-от тұтандырмау, электр құрылғыларды қоспау және өшірмеу керек;

- 104 апаттық газ қызметіне хабарласу керек.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі