РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА «ӨРТ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА «ӨРТ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Республика аумағында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғи және дала өрттері кезінде азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін арттыру.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады.

  • Бірінші кезеңде басқару органдарының іс-қимылдары пысықталуда.
  • Екінші кезеңде Сырдария өзенінің сол жағалауында арнайы техника мен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды.
  • Үшінші кезеңде Шіркейлі каналының оң жағалауында практикалық жаттығулар өткізілуде.

Жаттығу барысында шартты өрт ошақтарын сөндіру, халықты эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталуда.

Іс-шараға азаматтық қорғау қызметтері, арнайы техника, өрт сөндіру автокөліктері, инженерлік құралдар мен байланыс жүйелері жұмылдырылды.

Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтық қорғау қызметтерінің кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.