Көмірқышқыл газының автономдық датчигі   

Көмірқышқыл газының автономдық датчигі    

Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау Гарнизонының қызметкерлері және Талап ауылдық округімен, Манап ауылдық округінің әкім аппараты қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 11 қараша күні жылу беру маусымы кезінде Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округі, Бесарық бекетінің Өркендеу, Жаңа құрылыс, Азаттық, Достық, Бесарық, Желтоқсан, Қазақстан, Ақтас, Мешіт, Жаңа ауыл көшелерінің көпбалалы 2 отбасыға, аз қамтылған 10 отбасыға, жалғыз басты ана 5 отбасы және мүмкіндігі шектеулі 3 отбасыларына және Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округі, Талап бекетінің Сейдалиев, Қосаев, Керімқұлов, Қызылсеңгір, Жолдасбеков көшелерінің аз қамтылған 3 отбасыға, жалғыз басты ана 5 отбасы және мүмкіндігі шектеулі 7 отбасыларына көмірқышқыл газының автономдық датчиктері орнатылып берілді.   

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі