Автокөліктегі өрттен сақ бол!

Автокөліктегі өрттен сақ бол!

Қызылорда қаласы бойынша  жыл басынан бері 46 автокөлік өрті тіркелді. (2019 жылы 39 автокөлік өртенді)

Өрттің шығу себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауын орын алуда . Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. 

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне назар аударуларыңызды сұраймыз:

1. Қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған машинаның қозғалтқышына ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес;

2. Аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға болмайды;

3. Көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;

4. Көліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;

5. Автокөліктің қозғалтқышына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет;

6. Автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек екенін ескертеміз !!!

Қызылорда қаласы ТЖБ