Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатында әкімдік, полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп, профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында балаларға «ашық есік» форматында қауіптің зардабы демонстрациялық жаттығу арқылы көрсетілді.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Балалардың қауіпсіздігі – сіздердің басты жауапкершіліктеріңіз. Терезелерді ашық қалдырмаңыздар, москит торларына сенбеңіздер – олар баланың салмағын көтермейді. Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң бақылауға алыңыздар.
Қызылорда облысы ТЖД