Өрт қауіпсіздігін сақтау - міндет!

Өрт қауіпсіздігін сақтау - міндет!


Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің бірлесуімен өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу шаралары күшейтілуде.
Осы бағытта қала аумағындағы ашық алаңдарда бақылаулы өрт жүргізіліп, өртке қауіпті қураған шөптер мен жанғыш қалдықтарды тазалау жұмыстары атқарылуда.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – қураған өсімдіктер мен жанғыш қалдықтарды алдын ала жою арқылы табиғи және ашық аумақтарда ірі өрттердің туындау қаупін төмендету, өрттің таралуына жол бермеу және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Жүргізілген жұмыстар толық бақылауда, барлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақтала отырып, іске асырылды.