Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аталып өтті.
Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүрлер жаңғыртылып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері дәріптелді. Қызметкерлер ұлттық киім киіп, наурыз көже ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл күн – ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, әріптестік байланысты арттырған ерекше сәтке айналды. Сонымен қатар, іс-шара аясында қызметкерлердің еңбегі еленіп, үздіктер марапатталды. Наурыз – тек мереке ғана емес, бұл – татулық пен келісімнің, жаңару мен жаңа бастамалардың символы. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа береке, ырыс, амандық тілейміз!