
Наурыз мерекесі күндері өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мекемелер күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында осы жөнінде тарқатылды.
– 21-26 наурыз аралығында барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәулігіне орта есеппен 164 қызметкер, 45 техника, 1 кинологиялық есеп тобы, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты және 2 тікұшақ кезекшілікке тартылды. Сонымен қатар, Сырдария өзені мұздан толық тазарып, су басу қаупі жойылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан жүк кемесінің сәтті ұшырылуы да мерекелік күндердің маңызды оқиғаларының бірі болды, - деді Қызылорда облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Айтпаев Данияр Асқарұлы.
Сонымен бірге ол тұрғындарға өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД