Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында (кафе, асхана фастфуд) тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында газ баллондарын сақтау, орнату және пайдалану тәртібі, олардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі қаралды.
Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне газ баллондарын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында 7 қоғамдық тамақтану орынынан газ балондары анықталып, жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі