Өрт қауіпсіздігі – басты назарда

Өрт қауіпсіздігі – басты назарда


Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Амангелді ауылы және Шіркейлі ауылы ауылдарындағы өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы жасағының қызметкерлеріне түсіндірме сабақ өткізді.

 Сабақ барысында өрт қауіпті кезеңге байланысты өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

 Мұндай шаралар өрттің алдын алуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сырдария ауданы ТЖБ