Түнгі далада тұтқындары  

Түнгі далада тұтқындары     

Өткен түнде Қызылорда облысы ТЖД «112» пультіне Жалағаш ауданындағы Қараөзек каналы маңында жол талғамайтын көлік батпаққа батып, қозғала алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
 Оқиға орнына жедел түрде ТЖБ қызметкерлері барып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, жоғары өтімді техниканың көмегімен көлікті батпақтан сүйреп шығарды.✊

 Көлік ішінде болған 5 адамға медициналық көмек қажет болмады, олар құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

ТЖМ көктемгі жылыну кезеңінде дала және ауылдық жолдар жүруге қиын болуы мүмкін екендігін ескертеді. Жолға шығар алдында көлігіңіздің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, шалғай және қолжетімсіз жерлерге барудан аулақ болыңыз.