Қызылорда қаласындағы Байқоңыр көшесіндегі жеке тұрғын үйдің кәріз құдығына ит түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел түрде Жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Арнайы құрылғыны қолдана отырып, құтқарушылар итті кәріз құдығынан шығарды.
Ит иесіне табысталды. Итке ешқандай зиян келген жоқ.
Біз үшін әрбір өмір маңызды.