Өңірдегі өрт қауіпсіздігі шараларының атқарылуы туралы   

Өңірдегі өрт қауіпсіздігі шараларының атқарылуы туралы       

        Бүгін Өңірлік комуникациялар қызметінде брифинг өтті.

          Тақырыбы: Өңірдегі өрт қауіпсіздігі шараларының атқарылуы туралы.

          Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Спанов Бейбітхан Оразайұлы.

          Б.Спанов: «Жыл басынан бастап облыс аумағында 60 өрт оқиғасы орын алды, өрт оқиғасынан 2 адам қаза болды, жарақат алғандар саны 7 адам. Орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторларында орын алған.

Өрттер көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болуда.

Жылу беру маусымында жергілікті атқарушы органдармен, Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтерлерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар атқарылды.  

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер мен мүдделі органдардың қатысуымен 14 дөңгелек үстел өткізілді.

Ұйым қызметкерлеріне 34 рет дәріс оқылды. Білім беру ұйымдарында  42 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 13 рет экскурсия ұйымдастырылды.

 «Қауіпсіз бол!», «Өрт болса – дереу хабарла!», «Қауіпсіз тұрғын үй», «Қауіпсіз асхана», «Қауіпсіз сауда»  акциялары ұйымдастырылды.  

Көпшіліктен төмендегі маңызды ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз:

- Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды;

- Ақауы бар электр жабдықтары мен қондырғыларын, газ пештері мен газ жабдықтарын қолданбауды;

- Ғимарат пен тұрғын үйлерде және белгіленбеген орындарда темекі шекпеуді,  өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ұмытпаңыз.»

Брифингтің соңында журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Баспасөз қызметі