ЖАДЫРАСЫНОВА ӘСЕЛ АЛИКҚЫЗЫ

ЖАДЫРАСЫНОВА ӘСЕЛ АЛИКҚЫЗЫ

Азаматтық қорғау кіші сержанты Әсел Жадырасынова 1995 жылы 30 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Яғни, Құтқару қызметінің құрдасы десе де болады. Кызылорда каласындағы №235 мектепті тәмамдаған. Қызылорда Ашық университетінде оқып,  2016 жылы  «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» біліктілігін алды.

2018 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінде штаттан тыс маман болып, еңбек етті.  2023 жылдан бастап Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданы ТЖБ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-радиотелефонисі болып қызмет етуде.

Ол Қазақстан Республикасының чемпионатында жауынгерлік қанат жаю сайысынан күміс жүлдегер. Қазақстан Республикасының чемпионатында қос сайыс бойынша күміс жүлдегер. Saudi Arabia Корольдігінде өткен өрт құтқару  спортынан өткен жарыста жауынгерлік жайылу бойынша қола жүлдегер.  

Бала кезден жеңіл атлетикамен айналысқан. Өрт сөндіру-құтқару спортына ееейгенде келді. Сонымен бірге ол велоспорт, марафондардың да белсенді қатысушысы.

Желаяқ қыздың қазіргі жұмысы да қауырт, шапшаңдықты қажет етеді. Радиотелефонистің жұмысы шақырту қабылдап, дабыл түймесін басу ғана емес. Өрт шыққан мекенжай мен аумақтағы өрт сөндіру гидрантын анықтап, сол аймақтағы электр және газ желісінің орналасуы жөнінде құтқарушыларға шұғыл ақпар беру де Әселдің міндеті. Одан бөлек жедел жәрдем, полиция және жергілікті әкімдікпен байланыс орнатуға да диспетчер жауапты.

«Кішкентай кезімнен осы құтқару саласында қызмет еткім келді. Жеңіл атлетикаға, спортқа ден қоюымның арқасында осы қызметке орналастым. Әріптестерімнің басым көпшілігі ер-азаматтар. Олардан да қолдау көп, қызмет барысында білмегенімді үйретіп, әріптестік көмектерін көрсетуде.»,-дейді ол әңгіме барысында.
  Әсел Аликқызы бүгінде екі баланың анасы, ұлы Әнуар, қызы Айша аналарының қолқанаттары. Оған мереке қарсаңында ұзақ ғұмыр, отбасындағы бақытты, қызметте абыройлы болуын тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД