Сатыбалдиева Жанат Айтбайқызы  

Сатыбалдиева Жанат Айтбайқызы      

          Ол Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының Қызылорда қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушы-мейірбикесі болып абыроймен қызмет етуде. Жанат Айтбайқызы 1970 жылы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Талды-Арал ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қызылорда медициналық колледжін бітірген.

          Жанат Айтбайқызы 1997 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарған уақыт аралығында жақсы жағынан көріне білді. Төтенше жағдайлар саласы бойынша жұмыс барысында суда зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуде біліктілігін көрсетіп келеді. Төтенше жағдайларды жоюға арналған барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған облыстық және қалалық оқу-жаттығуларға, сонымен қатар интерактивті сабақтарға, дөңгелек үстелдерге және семинарларға қатысқан білікті маман. Жасақ құтқарушыларымен бірге авариялық құтқару жұмыстарына талай рет қатысып, зардап шегушілерге, олардың жақындары мен туыстарына медициналық көмек көрсеткен.  Жасақ мамандарының да денсаулығы ұдайы назарында.

Ж. Сатыбалдиева жүздеген зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен кәнігі маман. Осы тақырыпта  мектептер мен жазғы балалар демалыс лагерлерінде сабақтарды да ұдайы өткізеді.  

          Ол атқарған қызметіне орай лайықты бағаланып отырған, атап айтқанда төмендегі ведомстводық наградалармен марапатталған:

  • ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгісі (2010ж.),
  • ҚР ТЖМ Құрмет Грамотасы (2013ж.),
  • «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медаль (2015ж.),
  • «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі (2016ж.).

          Ол үлгілі отбасының негізін қалаушы,  ұл-қыздың аяулы анасы, немересінің сүйікті әжесі.

          Жанат Айтбайқызын әріптестері атынын аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Қызылорда облысы ТЖД