Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады

Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады

🏢 Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, ауызашар уақытында азаматтарға су мен құрма ұсынылды.

📌Мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.