Құтқарушылар жарқанатқа көмекке келді

Құтқарушылар жарқанатқа көмекке келді

🦇 Қызылорда қаласындағы Арай-2 шағын ауданындағы №100 тұрғын үйінің пәтерлерінің біріне жарқанат ұшып кіріп, өздігінен шығудың жолын таба алмай қалды.

⛑️ Шақырту орнына жеткен құтқарушылар оны ақырын ұстап алып, бостандыққа жіберді.

Егер сіздің үйіңізге жарқанат ұшып кірсе:
1. онымен тікелей байланыста болудан аулақ болыңыз;
2. балалар мен үй жануарларын басқа бөлмеге шығарыңыз;
3. оны тістеуден қорғалған қолыңызбен ақырын ұстаңыз да  бостандыққа жіберіңіз.