Автосервис дүкеніндегі өрт жедел түрде сөндірілді

Автосервис дүкеніндегі өрт жедел түрде сөндірілді

📍 Қызылорда қаласы Жеңіс көшесі бойында екі қабатты автосервис дүкенінің бірінші қабатында орналасқан авто бөлшектер қоймасында 50 ш.м. алаңда өрт шықты.

🚒 ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің екі қабатты ғимараттың қалған бөлігіне таралуына жол берілмеді.

✅ Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.