Тікелей эфирде кәсіби бағдар беру туралы тарқатылды

Тікелей эфирде кәсіби бағдар беру туралы тарқатылды


Қызылорда облысында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша кәсіби бағдар беру жұмысы белсенді жүргізілуде.
“QyzylordaTV”телеарнасының тікелей эфирінде Қызылорда облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы тобының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Сәкенұлы Рабат үміткерлерге Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орнына түсу шарттарын, оқу тәртібін, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, сондай-ақ, қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібін түсіндірді.
Эфирдің өтілуі барысында талапкерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, дене және психологиялық даярлық ерекшеліктері, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің әлеуметтік кепілдіктері мен болашағы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Қызылорда облысы ТЖД