ТЖМ ұшқыштары тағы бір санитарлық ұшуды орындады  

ТЖМ ұшқыштары тағы бір санитарлық ұшуды орындады   

ТЖМ «Қазавиақұтқару» авиакомпаниясының тікұшақ экипажы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті орындады.

 Шұғыл тасымалдау Қызылорда облысы Төретам ауылынан бір айлық балаға қажет болды. Ұшқыштар кішкентай науқасты Қызылорда қаласына эвакуациялады. Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды.✅

 Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе