Қызылорда облысында православ христиандарының «Крещение Господне» діни мерекесін қауіпсіз өткізу мақсатында суға шомылуға арналған арнайы орынға қарау жұмысы жүргізілді. Діни рәсім 2026 жылғы 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні өтеді. Мереке күндері, яғни 18–19 қаңтар аралығында, департамент пен ведомстволық бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген кезекшілік режиміне көшеді. Белгіленген шомылу орнында құтқару қызметкерлері мен медицина мамандарының тұрақты кезекшілігі ұйымдастырылады. Алдын алу шараларына Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» және облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп, «Крещение Господне» мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысы ТЖД