
«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпараттық алаңында өткен брифингте спикер: Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Досымов Жандос Ерланұлы «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы тарқатты.
Ж. Досымов: “19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господне» мейрамын атап өтеді.
«Шоқыну рәсімінен өту» үшін облыс аумағында су айдындарында (өзендерде, көлдерде) орындар белгіленбеген.
19 қаңтарда православтық христиандар «Крещение Господне» мерекесі қарсаңында ТЖД-нің қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.
Қаңтардың 18-19 күндері ауа температурасы орташа есеппен күндіз -10-15, түнде – 20-25 градус аяз болатыны (жел-15-20 м/с) күтілуде.
Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде шомылу жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз (ҚР ӘҚБтК 412-бабы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау).
Осы ретте су айдындарда, мұзда және балық аулау кезіндегі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Облыс аумағында «Крещение Господне» мерекесі кезінде шомылуға рұқсат етілген және жабдықталған орындар жоқ екенін және барлық іс-шаралар Қызылорда қаласы шіркеуінің аумағында өтетінін хабарлаймыз”.
Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Баспасөз қызметі