
Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпараттық алаңында брифинг ұйымдастырылды.
Тақырыбы: «Мереке күндері пиротехниканы пайдалану ережелері туралы».
Спикерлер: Дастенов Арман Мамайұлы - Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, Сатқанбай Сәбит Ханзадаұлы - Қызылорда облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары.
А.Дастенов: «2025 жылдың 5 желтоқсанынан бастап өңір аумағында Полиция департаментімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында адамдар көп шоғырланған орындар мен сауда орталықтарында рейдтер ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілуде. Бүгінгі күні пиротехникалық бұйымдардың саудасын рұқсатсыз жүргізген тұлғаларға қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.
Жыл басынан өңірде 432 өрт оқиғасы тіркелді, салдарынан 6 адам қаза болды, 10 адам зардап шекті.
Жаңа жыл мерекесінде мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарында мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Мереке кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің тарапынан кәсіпкерлік нысандарда қауіпсіздік шаралары насихатталып, әдістемелік көмек көрсетілуде.
Пиротехникалық бұйымдарды қолдану барысында төмендегі қауіпсіздік шараларын:
Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД