Қазақстанның ауылдық жерінде 121-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қазақстанның ауылдық жерінде 121-ші ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылында ҚР ТЖМ-нің ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 121-ші өрт сөндіру пунктінің ашылу салтанаты өтті. Оған Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Түйменов Жасұлан, Қазалы ауданының әкімі Есмаханов Алмасбек, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
​ 
  Ашылу жергілікті атқарушы органдардың қолдауының және елімізде ерікті өртке қарсы құрылымдар желісін дамытуға бастамашы болған ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әріновтің жеке назарының арқасында мүмкін болды.