Биыл 19 қазанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құрылғанына 30 жыл толуын атап өтті. Айтулы күнге орай ведомствоның қызметкерлері мен ардагерлерін Жер орбитасынан — Халықаралық ғарыш станциясының бортынан құттықтады.
Құттықтау сөздерін Халықаралық ғарыш станциясы экипажының құрамында болған «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев, Олег Платонов жолдады. Өз үндеулерінде олар қазақстандық құтқарушыларға олардың ержүрек әрі жанқиярлық еңбегі үшін құрмет пен алғысын білдірді.
Халықаралық ғарыш станциясынан жолданған құттықтау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының күнделікті еңбегіне көрсетілген қолдау мен құрметтің символына айналды.
https://www.instagram.com/reel/DSXA8EtjHnr/?igsh=MWJ2ejdzN2c0a3Yzbw==
https://vm.tiktok.com/ZMD8FEXye/
https://youtube.com/shorts/WZ5hsWTc5gI?si=VfTDNzP0VrYxqk0-