Қазалы ауданында «ҚЫС-2025» ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Қазалы ауданында «ҚЫС-2025» ОБЛЫСТЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Қазалы ауданында өткен «Қыс-2025» облыстық штабтық оқу-жаттығуында аудандық азаматтық қорғау, авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы пысықталды.
Оқу-жаттығу 20-21 қараша күндері азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізілді. Оқу жаттығу барысында командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталды.
Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 71 техника, 213 жеке құрам қатысты. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Саптық қарау барысында кез-келген төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау мен авариялық-құтқару қызметтерінің барлығы толықтай дайын болу керектігі ескертілді.
Аудан аумағында ұйымдастырылған оқу-жаттығу 3 кезеңде өткізілді.
Бірінші кезеңде жеке құраммен техникалардың саптық қарауы тексерілсе, екінші ауа-райының қолайсыздығынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай авто трассасында жолда қалған жолаушыларды құтқару, апатқа ұшыраған адамды көлік ішінен шығарып, медициналық көмек беру, үшінші «Қазалы Теміржолжылу» мекемесінде орын алған ақауларды жойып, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру шаралары бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.

Қазалы ауданы ТЖБ