«Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді

«Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өткізілді

 

🔹Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту үшін 2025 жылдың 20-21 қарашасында өңірде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

🔹Бүгін «Қыс мезгіліндегі жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимыл», «Жолаушылар поезының вагонында өрт оқиғасының орын алуы», «Арал ауданында қарлы боран болып, 2 азамат жоғалып, оларды іздестіру-құтқару жұмысы» тақырыптарында оқу-жатығудың практикалық кезеңі жүзеге асты.

🔹Жалпы 2025 жылғы 20-21 қарашасында өңірде ұйымдастырылған «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуға 1154 адам, 339 техника, 1 кинологиялық топ қатыстырылды.