
Иә, қызылордалық Әсел Жадырасынова республикалық құрама команда сапында Әлем чемпионатында бақ сынауда.
Сауд Арабиясы корольдігінің Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХ-ерлер арасындағы және ХІ-әйелдер арасындағы Әлем чемпионатына Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданы ТЖБ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Әсел Жадырасынова да қатысуда. Әзірге, нәтиже жаман емес.
Әріптесімізге денсаулық, чемпионатта өзіне және командаға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Қызылорда облысы ТЖД
Видеода: Әсел Жадырасынованың жарыс сәттерінен үзінділер.