Тағайындау

Тағайындау

​ҚР ТЖМ 2025 жылғы 24 қазандағы №661 ж/қ бұйрығымен полковник Мырзагелдиев Мадияр Айдосұлы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. ​
​Мырзагелдиев Мадияр Айдосұлы 1987 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.
​2008 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын бітіріп, «өрт қауіпсіздігі инженері, ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі» біліктілігін алған.
​2008 жылы өз қызметін Астана қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері болып бастаған.
​2009-2013 жылдары аталған басқармада аға инженер лауазымында қызмет еткен.
​2013-2017 жылдары Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен.
​2017-2019 жылы ҚР ІІМ ТЖК Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы болды.
​2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ бастығының орынбасары болды.
​2021-2023 жылдары Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖБ бастығы лауазымында қызмет еткен.
​2023-2024 жылдары Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып қызмет етті.
​2024-2025 жылдары Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығының орынбасары болды.
​2025 жылдың 13 маусымынан Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болды.
​Абыройлы қызмет жолында жеткен жетістіктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Мемлекет басшысы мен ҚР ТЖМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.

Қызылорда облысы ТЖД