🚁 ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Шиелі ауданынан Қызылорда қаласына жаңа туылған сәбиді эвакуациялауды жедел орындады.
👨✈️Жаңа туылған сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың және ұшқыштар: Ақжолтай Жасұланның, Мұханов Алпамыстың, бортмеханик Бекжанов Алтынбектің, жетекші инженерлері: Наурызәлиев Ерқожаның, Жұмахметов Бауыржанның үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған сәби медициналық мекемеге қауіпсіз әрі жылдам жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.