Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде «19-қазан – Құтқарушылар күніне», «Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл» толу мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында тұрғындар мен жапы көпшілік үшін аталмыш мәдениет үйінің аумағында заманауи құтқару жабдықтары мен техникаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараның басында ҚР Мемлекеттік Туы әкелініп, Гимн орындалды. Лэд-экраннан арнайы дайындалған еліміздің және өңірдің құтқарушыларының қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
Аталмыш іс–шараға Қызылорда облысының әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысатын басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мерекенің құрметті қонақтары - облыстың төтенше жағдайлар жүйесінің ардагерлері қатысты.
Кәсіби мерекені атап өту аясында төтенше жағдайлар органдарының ардагерлерінің қалалық және аудандық бөлімшелердің жеке құрамымен кездесулері, қаза болған қызметкерлерді еске алу, «30 игі іс» акциясы аясындағы іс-шаралар, спорттық байқаулар өткізілген болатын.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің халыққа қызмет етіп келе жатқанына 30 жыл! Көмек қажет жерге ең алдымен олар жетеді. Осы 30 жылда мыңдаған адамның өмірі құтқарылды. Жүздеген өрт сөндірілді. Ондаған ірі төтенше жағдайдың салдары жойылды. Құтқарушылардың бір ғана мақсаты бар, ол әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігі. 2025 жылдың 9 айында өңірдің құтқарушылары 410 адамды құтқарып, 171 адамды эвакуациялаған. 248 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілген. Жалпы 2421 рет түрлі оқиға орындарына шыққан.
Аталмыш іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша полковник Мадияр Мырзагелдиев және тағы басқа өкілдер құттықтау сөз сөйледі.
Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 7 ардагер, Алғыс хатпен 9 сала ардагерлері мен қызметкерлер марапатталды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиев қызметін мінсіз атқарған қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.
Басшы құрамның кезекті арнаулы подполковник атағы мерзімінен бұрын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Әбсадықов Досымхан Ғафурұлына берілді.
«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен Азаматтық қорғау органының ардагерлері - Бекмағанбетов Қайрат Ишанбекұлы, Жалғасбаев Болатбек Шайхысламұлы, Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы Нұрманова Айгүл Асылқызы марапатталды.
ТЖМ алғыс хатымен - Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Ерсұлтанұлы, №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Баймаханов Азамат Бектиярұлы, №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Мәдіберген Қосжан Болатұлы, №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау сержанты Муханов Рүстем Бекмахамбетұлы наградталды.
«Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен 13 адам, Департамент бастығының Алғыс хатымен 6 адам марапатталды.
Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полковник Төреманов Қазбек Сұлтанбекұлы; ішкі қызмет сержанты Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы; ішкі қызмет сержанты Әшірбеков Арғын Қазбекұлының ата-аналары мен жақындарына сыйлықтар мен гүл шоғы табыс етілді.
Салтанатты іс-шараның соңы өңірдің өнерпаздарының және Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Аталмыш іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысып, салтанатты іс-шара туралы арнайы сюжет дайындап, жариялады.
Қызылорда облысы ТЖД