Жас қызметкерлерден ант қабылданды  

Жас қызметкерлерден ант қабылданды      

          Қызылорда қаласындағы «Рәміздер алаңыңда» өңірдің азаматтық қорғау органдарының жеке құрамының қысқы мезгілдегі нысанды киім киюге көшу мақсатында сап түзеу салтанатты іс-шарасы және жас мамандардан ант қабылдау рәсімі өткізілді.

          Аталмыш іс-шара барысында алдымен өңірдің азаматтық қорғау гарнизоны сап түзеді. Одан соң Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жаңадан қабылданған 14 қызметкерінен салтанатты түрде ант қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Олар Отанына, халқына, қызметтік борышына адал болатындарын атап өтті.

          Қызметке жаңадан қабылданған жас мамандарды Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Айдосұлы Мырзагелдиев, ТЖД «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Маржанов Бейбіт Қуатбекұлы құттықтап, қызметте абырой тіледі.

          Содан кейін жасқызметкерНұғмановЕржігітНұржанұлыжекеқұрамалдындаантқаадалболуға, өзіне жүктелген міндеттердімүлтіксізорындауғасалтанатты түрде уәде берді.

          Сонымен бірге іс-шарада жеке құрамның қысқы мезгілдегі нысанды киім киюге көшуі үшін саптық қарау өткізілді. Саптық қарау кезінде қызметкерлердің  нысанды киімдерінің дайын болуы, шаш үлгісі, погондарының дұрыс тігілуі, жетон, қызметтік куәліктерінің бар болуы тексерілді.

         

Қызылорда облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

 

 

Ант қабылдау рәсімі

Қысқы мезгілдегі нысанды киім киюге көшу

Салтанатты іс-шара