Бүгін «ТЖМ-30 жылдығына», «ТЖМ Ардагерлер кеңесінің құрылғанына -20 жыл» толуына орай Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында жиын ұйымдастырылды.
Жиынға өңірдегі азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, департамент қызметкерлері қатысты. Ардагерлер өздерінің қызметтік жолында болған естеліктерімен бөлісті. Жас мамандар пікір алысты, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Мақсат – кейінгі жастарға олардың өнегелі қызмет жолын дәріптеу.
Өз кезегінде сөз алған ардагерлер ізгі мерекелік іс-шараға шақырылғандары үшін ризашылықтарын білдірді.
Іс-шараның соңында Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Мадияр Мырзагелдиев сала ардагерлеріне «ТЖМ Ардагерлер кеңесінің құрылғанына -20 жыл» медалін, басшылықтың алғыс хатын табыстады.
Қызылорда облысы ТЖД