Волонтерге алғыс білдірілді  

Волонтерге алғыс білдірілді      

         Елімізде болып жатқан түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюда еріктілердің алатын орны ерекше. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жоюда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорымен бірлескен ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

          Қазіргі уақытта аталған қоғамдық қормен бірге суға шомылу, жылу беру маусымы және іздестіру құтқару жұмыстарында бірге орасан зор қызмет етіп келеміз. Сонымен қатар «Жер», «Көктем», «Қыс», «Зымыран» республикалық командалық – штабтық оқу – жаттығуларда да белсенді.

          Бүгін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында  департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы М.Мырзагелдиев «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының жетекшісі О.Чебаковаға алғыс білдірді.  Аталмыш қоғамдық қордың жетекшісі Ольга Константиновна Чебаковаға Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктің атынан алғыс хаты мен гүл шоқтары табыс етілді.

Қызылорда облысы ТЖД