Бүгін Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары жылу беру маусымы аясында өрт қауіпсіздігін сақтау жұмысын насихаттау мақсатында көшпелі брифинг (баспасөз-туры) өткізді.
Көшпелі брифинг барысында «Сабалақ» елді мекенінің тұрғындарына өртті болдырмау үшін түсіндіру жұмысы жүргізілді, осал топқа жататын тұрғындардың үйлеріне датчиктер орнатылды.
Осы іс-шараның мақсаты және алда атқарылатын жұмыстар жөнінде спикер: Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандарына, республикалық «77ТВ», өңірлік «QyzylordaTV», «ҚоғамТВ» және мерзімді басылымдардың өкілдеріне сұқбат берді. Сонымен бірге, тұрғындар тарапынан да түсіндірме жұмысын атқарған мамандарға алғыс білдірілді.
А. Оразбеков: «Өткен жылдың жылу беру маусымында өңірде 120 өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза болды, 3 адам жарақат алды. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары ұдайы өңірде жүргізілуде. Бүгінге дейін 8000-нан астам тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіру жұмысы жасалды.»
Осы бағытттағы түсіндірме жұмыстары апта сайын жалғасын табуда.
Аталмыш брифинг барысында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД