Жылу беру маусымының басталуына орай, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласының әкімдігі және Халық партиясының өкілдерімен бірлесіп, Баймұрат ауылында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үйлерді аралау барысында:
▪ тұрғындарға қатты отынмен жылытылатын пештерді қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді;
▪ улы газбен уланудың алдын алу жолдары айтылды;
▪ ескерту парақшалары таратылды.
Мақсат:
– Қауіптің алдын алу;
– Тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
– Әлеуметтік осал топтардағы азаматтарды назардан тыс қалдырмау.
Тұрмыстағы қарапайым қауіпсіздік ережелері – өзіңіз бен жақындарыңыздың амандығының кепілі.
Қызылорда облысы ТЖД