ҚР ТЖМ-30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясының аясында Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының кинологиялық есеп тобы мектеп оқушыларына арнап, «Ит – адамның досы» тақырыбында кездесу өткізді.
Құтқарушы иттердің із кесулері, иттердің бұйрықты орындауы, олардың адам өмірін сақтап қалудағы ерекше қабілеті балаларға қызықтырақ болды. Оқушылар иттердің ақылды әрі тіл алғыш әрекеттерін тамашалап, құтқарушылардың еңбегіне құрметпен қарау қажеттігін түсінді.
Бұл іс-шара балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін нығайта түсті.
Қызылорда облысы ТЖД
Кинология
Құтқарушы ит
30 игі іс