https://youtube.com/shorts/A6aSmZIYaSc
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері егін жинау науқанындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында орналасқан шаруа қожалықтарына барып, өрт қауіпсіздігі қағидаларының қатаң сақталуы қажеттігін ескертті.
Іс-шара кезінде шаруа қожалықтардың иелеріне және тұрғындарға өрт кезіндегі бастапқы іс-әрекет тәртібі, қауіпсіз егін жинау ережесі, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәсілі түсіндірілді.
Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті