https://youtube.com/shorts/7-QrrCPld_U
Қызылорда облысы ТЖ департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы Арал ауданына жұмыс сапарымен барды.
Ол №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күнделікті жұмысын, жауынгерлік дайындығын тексерді. Жеке құрамға еңбек қауіпсіздігі, жол жүру ережесін болдырмау бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді. Қызметті жетілдіре түсу бағытындағы нұсқаулықтарды беріп, жеткен жетістіктерді саралап, жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру туралы тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Қызылорда облысы ТЖД