Брифингте «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбы тарқатылды

Брифингте «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбы тарқатылды

Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жылу беру маусымына дайындық» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Спикер – Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асхат  Оразбеков өңірде «Өрт қауіпсіздігі айлығының өткізілуде екенін айтты.

Спикер өңірдегі өрт қауіпсіздігі айлығының өтілуі туралы әңгімеледі.

«Өткен жылу беру маусымында облыста 120 өрт орын алды. Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігін сақтауды насихаттау, түсіндіру мақсатында түрлі іс-шаралар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, акциялар ұйымдастырылуда»,-деді спикер.

Облыс аумағындағы әлеуметтік осал топтарға жатқызылған тұрғындарға қауіпсіздік қағидалары түсіндірілуде екенін тарқатты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынған тізімге сәйкес, аз қамтылған, мүгедек жандары бар тұрғын үйлерге табиғи газды анықтайтын датчиктер жылу беру маусымында орнатылатынын атап өтті.

Қызылорда облысы ТЖД