Су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен нақты шаралар қабылдануда. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағының» құтқарушылары арнайы жазғы форма жиынтығымен жабдықталды. Киім жеңіл әрі қозғалысқа ыңғайлы. Жиынтық құрамында шорты, гидрофутболка, бас киім, аква аяқ киім, құтқару кеудешесі мен жүзуге арналған қалтқы бар.
Бұл жаңарту жұмысы - төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың тиімді әрекет ету мүмкіндігін жақсартатыны сөзсіз.
Қызылорда облысының ТЖД