Өрт қауіпсіздігі туралы

Өрт қауіпсіздігі туралы

Бүгін Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы «Хабар» және «24 kz» телеарнасының тілшісіне өңірдегі өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы сұқбат берді. Сұқбат барысында өңірде өрт қауіпсіздігі айлығының 15 тамыздан бастап басталғандығын айтты. Сонымен бірге, өңірдегі ауа райының өртке қауіптілігіне орай сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттілігін тұрғындарға ескертіп өтті.

«Жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан 2025 жылғы                7 айда облыс бойынша 277 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасы салдарынан тұрғын үй секторында 4 адам қаза болған, 9 адам жарақат алған.

Өрттің орын алуының себептерінің бірі - электр желісінің қысқаша тұйықталуынан 151, ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздікті сақтамаудан – 90, пеш ақауынан – 13, тұрмыстық электр қондырғыларының ақауынан – 5, әдейі өртеу – 5, газ плитасын пайдалануда – 2, балалардың отпен ойнауынан – 7 өрт тіркелген. 2025 жылы 11 орман-дала өрті орын алған».

Өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар:

Қоғамда және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз.

🔹орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамаңыз;

🔹орман ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына және қалың өсімдік арасында отты жақпаңыз;

🔹табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамаңыз;

🔹құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеңіз;

🔹табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмаңыз;

☝️Есіңізде болсын, Сіздің салғырттығыңыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!.

 

Қызылорда облысы ТЖД