Брифинг: Қауіпті өндірістік объектілердің дұрыс орналасуы маңызды

Брифинг:  Қауіпті өндірістік объектілердің дұрыс орналасуы маңызды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Қауіпті өндірістік объектілердің орналасуына байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы.

Спикер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Дабылов Әділжан Бөріұлы.

Ә. Дабылов: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды болдырмау, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқарманың басты міндеті. 

Сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын қарайды. 

Қауіпті өндірістік объектілердің тұрғын үйлерге, қоғамдық ғимараттарға және сауда орындарына жақын орналасуы, бірқатар оқыс оқиғалар мен заң бұзушылықтардың орын алуына себеп болуда».

«Мәселен: 2025 жылғы 14 наурызда Қызылорда қаласы Журба көшесі №100 мекенжайда орналасқан «TS» автожанармай құю стансасының жанында жеңіл автокөлікте жылыстану оқиғасы орын алып, одан әрі өрт оқиғасына ұласқан. Өрт оқиғасы салдарынан 1965 жылы туылған азамат 15% термиялық күйік алған.

Осыған байланысты алдағы уақытта қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша текстиль өнімдерін сатумен айналысатын «Нұрай» сауда үйінің иесінен арыз түсіп Басқарма қызметкерлері зерделеп, Журба көшесі №100 («TS») және №98 («Арал Газ») мекенжайларда орналасқан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы барлық құжаттары «Нұрай» сауда үйінің құрылысы орын алмай тұрып рәсімделгендігі анықталған. Дәлірек айтқанда, «Нұрай» сауда үйі пайдалануға кейін берілген.».

Брифингтің соңында спикер журналистердің қойған сауалдарына да тұшымды жауап берді.

 

Қызылорда облысы ТЖД