Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі мен топырақтың ылғалдылығы азаюы жағдайында ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.
Биылғы жылдың шілде айынан бастап ТЖМ қызметкерлері Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Қазалы және Шиелі аудандарында шұғыл іс-шараларға тартылды. Жұмыстар жүргізілетін аймаққа еліміздің барлық өңірлерінен ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Қазіргі уақытта іс-шараларға ТЖМ 65 қызметкері, 23 бірлік техникасы және 23 жылжымалы сорғы станциясы жұмылдырылды, бұл егістік алқаптарға су жеткізу мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Жұмыстар сорғы жабдықтары мен мамандандырылған техниканы пайдалана отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда егістіктерді суару үшін 21 459 017 текше метр су айдалды.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе