Терезе. Бала қауіпсіздігі

Терезе. Бала қауіпсіздігі

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Терезе. Бала қауіпсіздігі».

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Спанов Бейбітхан Оразайұлы.

Спанов: «Өткен жылы балалардың терезеден құлауының 16 фактісі тіркеліп, 17 бала түрлі жарақаттар алды. Биыл 4 жағдай тіркелді. Басты себеп - ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде блокиратордың орнатылмауы. Жыл басынан бері Қызылорда облысы ТЖ департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастыруымен 115 дана блокиратор көп қабатты тұрғын үйлердің терезелеріне орнатылды. Қызылорда облысы бойынша балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап зардап шегуін, қаза болуын болдырмау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар шағын маркет, сауда орындарының кіре беріс есіктерінің тұсына үгіттеу-түсіндіру парақтары ілініп, көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Брифингтің соңында журналистердің қойған сауалдарына жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД