Бүгін Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиевтің қатысуымен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің теңгеріміндегі барлық өрт сөндіру автокөліктері мен жедел қызметтік автокөліктердің жай-күйі тексерілді. Тексеру барысында автокөліктердің сыртқы техникалық жағдайы, тазалығы, арнайы құралдармен жарақталуы қаралды. Оған сәйкес автокөлікті күтіп-баптау туралы нұсқаулар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.
Қызылорда облысы ТЖД