«Абай - ұлы тұлға»

«Абай - ұлы тұлға»

✅ Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абай - ұлы тұлға» челлендж-эстафетасын Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен қабылдап, оны Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жолдайды.

🌟 Абай Құнанбайұлы (1845-1904) Шығыс Қазақстан облысының қазіргі Абай ауданында Шыңғыс таудың етегінде дүниеге келген.
📜 Ол белгілі қазақ ақыны, ұлы ойшыл, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі болды.
📖 Ол өз халқына бай мұра: әндер, өлеңдер, аудармалар, прозалар қалдырған.