Шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды бақылау мақсатында ТЖ Департаменті Жергілікті атқарушы органдармен және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазалы ауданында шомылуға тыйым салынған жағажай мен су айдындарының учаскелерін зерделеді.
Шомылуға тыйым салынған Қазалы ауданының 10 учаскесінде 20 тыйым салу белгісі мен 7 билборд орнатылған. Аудан бойынша шомылу үшін белгіленбеген учаскелерде барлығы 46 тыйым салу белгісі мен 21 билборд орналастырылған. Сондай-ақ, әкімдік суару арық (канал) бойында ұзындығы 1,5 км қоршау орнатқанын атап өткен жөн.
Қызылорда облысы ТЖД